«Әр қыздың арманы»: Абай Бегейдің қызы енесі дайындаған жатын бөлмесін көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
20.08.2024, 14:30
2998
«Әр қыздың арманы»: Абай Бегейдің қызы енесі дайындаған жатын бөлмесін көрсетті бейнежазбадан алынған кадр

16 жасында тұрмыс құрған әнші Абай Бегейдің қызы келін болып түскен үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің ортаншы қызын алып қашып кеткен еді. Алайда жұлдызды әке қарсы болып, қолдан ұзатып берді. 

“Келіндік өмірдегі алғашқы күнім. Мен түскен әулетте қазақы салт-дәстүрді өте керемет ұстанған. Жас түскен келін бастапқы уақытта қазақша киімдерін киіп, күміс әшекейін тағып, “мешіт орамалын” тағып, таңертең ерте тұрып, дастарханын жасап, шайын қойып үйдегі адамдарды дастархан басында күтеді. Келгенде алғашқы таңғы сәлемін салып, ыстық шайын құйып береді. Сонымен қатар үйге келінге құтты болсын айтып, шашу шашып, кез-келген уақытта қонақ келуі мүмкін, сол уақытта келін осылай әдемі болып жүруі керек екен”, – деп жазды жас келін. 

Сонымен қатар енесі мен абысыны дайындаған бөлмені де көрсетіп, рақметін айтты. 

“Мені осылай күтіп алды. Әр қыздың арманы. Маған қажет барлық дүниені жинапты. Келіннің шай құйғанда киетін көйлектерінің неше түрлісі бар. Өзіме де осы образбен жүрген ұнап жатыр. Өмірімнің ең ұмытылмас, қайталанбас, қызық кезеңдерін бастан кешіп жатырмын. Ертең Алматыға оқуға кеткенде осындай болып жүретін кездерімді сағынатын шығармын. Менің абысынымның айтуынша, ол да жаңа түскен кезінде осылай жүрген екен. Сондықтан да, Алматыға кеткенше мені осындай образбен көресіздер”, – деді блогер. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды