«Домбыра ақыретте пайда бермейді»: Айгүл Елшібаева дінтанушы Дарын Мубаровке шүйлікті

Аиса Махамбет Редактор
20.08.2024, 19:17
1480
«Домбыра ақыретте пайда бермейді»: Айгүл Елшібаева дінтанушы Дарын Мубаровке шүйлікті ашық дереккөзден

“Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева дінтанушы Дарын Мубаровты айыптады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі дінтанушының “мазхаб ұстанбаймын” деген сөзіне шүйлігіп, өзге дін ағымында жүр деп күдіктенді. 

“Маған Дарын Мубаровтың берген сұқбатын Whats App-тан жіберді. “Әбу-Ханифа және еш мазхабқа фанат емеспін” деп отыр. Уахабтарда мазхаб жоқ екенін мына есалаңдар біле ме?! Уахабтар ешқандай мазхабқа жатпайды. Оларда мазхаб жоқ. “Домбыра ақиретте пайда бермейді, бір тартқаныңа қанағат қыл” деп отыр. Сонда домбыра да харам болды ма, әлде Дарын уахабист болды ма?! Мына сөздер факты емес пе, миы бар адамға. Біз Әбу-Ханифаның мазхабын ұстаған мұсылман елміз. Сонда мазхабсыз, уахабтық иделогияны қолдаушы ма?! Жеңгелері жеті шелпек пісірмейді дейді. Жеті нан сол Әбу-Ханифа мазхабынан келе жатқан сеніміміз, жеті нан садақамыз, жеті бәленің басын қайтарады деген қазақпыз”, – деді әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі дінтанушымен кездесіп, ұлттық киімдердің харам емес екенін ескерткен.

“Мен жақында Балғынбектің тойында Дарынды көрдім. Бетпе-бет жолықтық. Балғынбек Дарынға “Айгүл салафиттерге қарсы жазбалар жазады” деді. Мені Дарынға басымдағы орамал мен үстімде жеңсіз қамзол, ұзын көйлек, шашымда шашбауымды көрсеттім. “Мына қазақтың киімі харам ба, мен осы киім үшін арабша, қара жамылған қатындармен қырыламын, өз қазақ ұлтыңның киімін неге кимейсің деп айтамын” дедім. Ұлтымның киімі харам емес екенін айттым. Балғынбекті уақаб дейтіндер, келіннің бетін ашып, сәлем салдырғасын, қалай уақаб дейін. Уақабтар салт-дәстүрге қарсы ғой”, – деді дәстүрлі ән мектебінің өкілі. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды