1022

Анасы мен өгей әкесі өлтірді деп айыпталған: Талдықорғанда 14 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Талдықорғанда 14 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Анасы мен өгей әкесі өлтірді деп айыпталған: Талдықорғанда 14 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу аяқталды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар айында Текелі қаласының маңындағы таудан талдықорғандық оқушы қыз Карина Дорохинаның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылған еді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қыздың анасы мен өгей әкесі ұсталды.

Ресми мәлімет бойынша, тергеу аяқталып, қылмыстық іс айыптау актісімен бірге соттың қарауына жіберілді.

"14 тамызда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына екі тұлғаға қатысты "зорлау", "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "азаптау", "адам өлтіру" баптармен іс келіп түсті. Қазіргі уақытта іс өндіріске қабылданды, алдын ала тыңдау 29 тамызға белгіленді", — делінген Жетісу облыстық сотының мәлімдемесінде.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор