«Өзіңе сөз арнау өте ауыр»: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына жазба арнап, көпшілікті жылатты

Аиса Махамбет Редактор
21.08.2024, 13:50
1599
«Өзіңе сөз арнау өте ауыр»: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына жазба арнап, көпшілікті жылатты жеке мұрағатынан

Танымал әнші Абай Бегей жастай тұрмыс құрған қызына арнап желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі қызын құдаларына аманаттап, күйеу баласына тапсырды. 

“Симбиім, қызым! Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. "Қыз бала – қонақ" деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам Мұстафа екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым; сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды бұлт, бауырыңды мұз шалмасын!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

“Абай қызының тойында көңілсіз жүрді”, “Бірінші әйелін де 17 жасында алған”, “Бақытты әке, бақытты қыз”, “Оңай емес, жастай кетіп жатыр”, “Жақсы отбасына келін болып жатыр”, “Біраз жыл бойдақ жүруге болатын еді”, “Алып қашып кеткен күннен бастап, жылап жүрміз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады