«Келіншегінің қолынан шай ішіп, үйіне барып тұрамын»: Айгүл Иманбаева экс жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасын айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 11:14
6055
«Келіншегінің қолынан шай ішіп, үйіне барып тұрамын»: Айгүл Иманбаева экс жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасын айтып берді жеке мұрағатынан

Танымал әнші Айгүл Иманбаева өткен өмірінен сыр шертіп, бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасын баяндады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында ұлының әкесімен не себепті ажырасқанын да айтып берді. 

“Мен анамның тағдырын қайталаған адаммын. Ол кісі де ажырасып, балаларын жалғыз өсірді. Мен де ұлымды жалғыз тәрбиеледім. Сәбит екеуміздің дәм-тұзымыз жараспады. Өйткені екеуміз де ақыл тоқтатпаған жаста едік. Дәл қазіргідей саналы адамдар болмадық. Сол себепті екі жаққа кеттік. Соңғы кезде психология саласына барып, жаным мен тәнімді емдегелі көп дүниені өзгерттім. 10 жылдан бері жан дүниемнің жарасын емдеп келемін. Қазақта ажырастың ба, бітті, өмір бойы жауласып өту керек деген ұғым қалыптасқан. Мен бұрынғы күйеуімнің үйіне барып, келіншегі Диконның шайын ішіп жүре беремін. Айналам қатты таңғалады. Өткенде Сәбиттің туған күні болды. Ол да ұлының фильміне түсіп жатыр. Түсірілім алаңындағы 20-30 адамды үйіне алып барды. Келіншегі дастарханын жайып, күтіп отыр екен. Сағат түнгі 12-ден ауып кеткен. Бара салып, аяқ табағына араласып, кесе-қасықтарын қойып кірісіп кеттім. Екеуміздің тағдырымыз солай болды. Ортада ұлымыз бар. Мен өкпелеп отырсам, ештеңе де өзгермейтін еді. Ол кісі балалы болса ұлымның бауырлары дүниеге келіп жатыр деп қуанамын. Біздің қарым-қатынасымыз шынайы”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Сондай-ақ ата-енесі туралы да айтып, марқұм атасының керемет кісі болғанын жеткізді. 

“Енемді әлі күнге дейін “Мама” деймін. Қазіргі жолдасым бұрынғы енесін “мама” дейді екен. Бір күні маған: “Сен ренжімейсің бе, мен “мама” деп атай берсем” деді. “Осы жерден келісіп алайық, мен де экс енемді мама деймін” дедім. Сәбиттің ата-анасы өте жақсы кісілер. Біз айқай-шусыз ажырасқан адамдармыз. Асылжан алты айлық кезінде ауылға барып, ата-енемнің алдынан өттім. Бір апта жандарында болып, ұзақ сырластық. Ажырасу шешімі менің қалауым екенін түсіндірдім. Оған ешкімнің қатысы жоқ екенін айттым. Сол бір аптаның ішінде үйдің іші-сыртын бәрін ақтап, ауланы тазалап, кілемдерді жудым. Атам шешемнің үйіне дейін әкеліп тастады. Шешем де құдам келді деп қой сойып, қонақ етті. Құдағидың сыбағасы деп тағы бір қой сойып, беріп жіберді. Міне, біздің ажырасуымыз осылай болған”, – деді өнер иесі. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды