«Президентіміз оқыған мықты университет»: Алтынай Жорабаева жақсы жаңалығын бөлісті

23.08.2024, 11:16
1471
«Президентіміз оқыған мықты университет»: Алтынай Жорабаева жақсы жаңалығын бөлісті жеке мұрағатынан

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы жақсы жаңалықты айтып, оқырмандарын қуантты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі тұңғышы Аяулымның Қытай Халық Республикасындағы университетке түскенін хабарлады. 

“Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді.

Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап, "Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсеңші. Мысалы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой" депті.

Сөйтіп Аяулым міне бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздерге бөлісіп жатырмыз. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!", – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары да әншіні қуанышты жаңалығымен құттықтап, жақсы тілегін жаудырып жатыр. 

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)