«Ернімнен қан тоқтамай қойды»: Алтынбек Тәшімбетов болған істің анық-қанығын айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
23.08.2024, 14:30
620
«Ернімнен қан тоқтамай қойды»: Алтынбек Тәшімбетов болған істің анық-қанығын айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

Медициналық құралдарды бүлдірді деп айыпталған әнші Алтынбек Тәшімбетов оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі мейрамхананың күзетшілерімен жанжалдасқан. Бұл туралы Nege порталы жазды.

“Астанадан жолдас жігіттер келген соң бәріміз келіншектерімізді алып, караокеге бардық. Ашқарынға сыра ішкендіктен, аздап қызып қалғанымыз бар. Соңында бір себептермен күзетші жігіттермен келіспей қалдық. Сол сәтте олардың арасындағы жастау біреуі маған жұдырық жұмсады. Содан ернімнен қан тоқтамай қойды. Сөйтіп әлгі жерге келген полицейлер бастап, мені №12 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен алып барды. Онда үсті-басым қанға малынған соң киімдерімді шешкізіп тастады. Әйтпесе анығында ол жерге шалбармен барған адаммын”, – деді әнші. 

Сонымен қатар медбикеге қолының ұшын да тигізбегенін, кінәлі деп тапса, жазасын өтеуге дайын екенін жеткізді. 

“Медбикеге қолымның ұшын да тигізбедім. Жалаңаш күйде күтіп отырғаныма ашуланып, медициналық көмек дер кезінде көрсетіле қоймаған соң терезесін бүлдірдім. Осындай әрекет жасап, балағат сөз айтқаным үшін әкімшілік жазаға тартылдым. Айыппұл төлейтінім немесе кем дегенде он күнге қамауға алынатыным айтылды. Ақиқаты осы. Бірақ ешкімнің басын жарып, көзін шығармағаным ескеріліп, айыппұл есебінде айыбымды өтейтін болармын деп үміттеніп отырмын. Мен өз кінәмды мойындаймын. Бірақ пабликтерге жалаңаш тұрған күйімді пайдаланып, таратып жібергеніне күйініп отырмын. Әсілінде ауруханаға полицеймен әрі сырт киіммен келген адаммын. Және олар медициналық көмек көрсетілуі қажет болған соң қанға боялған киімімді шешкізген еді. Нәтижесінде көшеде жалаңаш жүрген "чунга-чанга" болдым да қалдым. Бостандық ауданының Полиция басқармасына келіп, түсініктеме жаздым. №12 ауруханаға барып кешірім сұрап, медбике қарындасымның алдынан өттім. Басшылығы да кешірім берді. Әлгі бүлінген терезені жөндеп беретін болып келістім”, – дейді өнер иесі.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген