Айдын Айымбетов келесі қазақ ғарышкері қашан ұшатынын айтты

26.08.2024, 14:30
1409
Айдын Айымбетов келесі қазақ ғарышкері қашан ұшатынын айтты kaz.inform.kz

Үміткерлерді табу қиын болмайды дейді ғарышкер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда IQ BBQ ғылыми-музыкалық фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараның қонағы болған ҚР ұшқыш-ғарышкері, ҚР Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов келесі қазақ ғарышкері қашан шығуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Kazinform жазды.

Оның сөзінше, бүгінгі күні қазақстандық ғылыми институттар ғарыштың ғылыми-зерттеу бағдарламасын дайындап жатыр.

- Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу бағдарламасы дайындалып жатыр. Онсыз ғарышкерді жай ғана ғарышқа жіберудің мәні болмайды. Осы ғылыми бағдарлама дайын болған кезде келесі ғарышкердің аты аталады. Үміткерлерді табу қиын болмайды деп ойлаймын. Өйткені қазіргі жастар мықты. Біздің кезде көбі салауатты өмір салтын ұстана бермесе, бүгінгі жастар спортқа жақын және ғылым-білімге ұмтылады, - деді ол.

Сондай-ақ Айдын Айымбетов Қазақстан бейбіт мақсатта ғарышты зерттеуге көбірек көңіл бөлуі керек екенін атап өтті.

- Ғарышқа бірнәрсе жібергенде «оның не қажеті болды, одан да ақшаны бәріне бөліп берейік» деген әңгімелер болады. Оны таратқанда әрі кетсе 10 мың теңгеден бөлінер, адамдар оны бір күнде ішіп-жеп қояды. Ай бағдарламасын алайық, онда ешқашан атмосфера болған жоқ. Бірақ сол жерде жиналған материалдар әлемнің пайда болуының құпиясын ашуы мүмкін. Ғарыштағы астероидтар тас күйінде ғана емес, темірден не алтынннан құралған болуы мүмкін. Міне, осындай нәрселерді зерттеуіміз керек. Ал егер «оны қайтеміз, ақшаны таратып берейік» деп жүре берсек, онда дамыған елдердің артынан ғана жүреміз, - деді ғарышкер.

Айта кеткен жөн, Айдын Айымбетов 2015 жылғы 2-қыркүйекте ғарышқа ұшып, онда 10 күн болды. Осылайша ол үшінші қазақ ғарышкері атанды.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол