Шымкентте қызды киімі үшін көлік жүргізу емтиханына кіргізбей қойған

Аиса Махамбет Редактор
30.08.2024, 13:48
989
Шымкентте қызды киімі үшін көлік жүргізу емтиханына кіргізбей қойған бейнежазбадан алынған кадр

Желіде көлік жүргізу емтиханын тапсыруға келген қызды ғимаратқа кіргізбей қойған видео тарады. Осы кезде қыздың әкесі өзінің жейдесін беріп, тығырықтан шығарып алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Аида Таубаева өзіне емтихан тапсыруға рұқсат етілмегенін түсіндірді. Себебі жүргізуші куәлігінің фотосуреті "үйлеспейтін сырт келбетке байланысты" түсірілмепті.

"Мен практикалық емтиханға келдім. Олар мені жүргізуші куәлігі үшін суретке түсіргісі келді. Менің иығым ашық болғандықтан, авто ХҚКО қызметкері "емтиханға кіруге рұқсат етілмейді" деді. Мен не істеу керегін білмедім, сосын әкеме жүгіндім, ол маған өз футболкасын шешіп берді", – деді Аида Таубаева.

Біз "Азаматтарға арналған үкімет" сайтында жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттерге қойылатын талаптарды тексердік. Алайда киімге қатаң талап болмаған. Құжатта негізгі талаптар беттің орналасуына қатысты – суретке түсуші бейтарап мимикамен және жабық аузымен камераға тікелей қарауы керек. Көз сықсимауы, адыраймауы қажет, күлімсіреуге болмайды. 

Сонымен қатар беттің ашықтық дәрежесіне қойылатын талаптар бар, шаш көзді жаппауы керек, күннен қорғайтын немесе шағылыстыратын көзілдірік болмауы керек, ал егер көзілдірік денсаулыққа байланысты болса, жақтау көзді жаппауы керек. Бас киімдерге жол берілмейді, діни немесе медициналық себептер бойынша бас жабыны ерекшелік болып саналады.

"Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі Киімге қойылатын талаптар туралы ақпарат берді.

"Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалында аталған дерек бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қыздың емтиханға жіберілмеуінің нақты себептері, сондай-ақ бұл жағдайда қандай ережелер қолданылғаны белгісіз. Жүргізуші куәлігін алу үшін суретке түсу рәсіміне иығы жабық киіммен келу ұсынылған қызмет алушыға қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі. Арнайы ХҚКО маманының кінәсі анықталған жағдайда тәртіптік шаралар қабылданады. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", – деп түсіндірді мекеме.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды