«Әннің тарихы өз басымыздан өтті»: Нұрлан Әміров арбаға таңылған кезін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
31.08.2024, 17:13
1166
«Әннің тарихы өз басымыздан өтті»: Нұрлан Әміров арбаға таңылған кезін есіне алды бейнежазбадан алынған кадр

Нұрлан Әміров мүгедек арбасына таңылғанын еске алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі «Нұрлан мен Мұрат» тобының мүшесі болған Нұрлан Әміров «EL.kz» ютуб каналына берген сұхбатында өнердегі әріптестеріне көңілі толмайтынын айтты.

Өнер иесі жастардың той иесінен қымбат гонорар талап етуін құптамайтынын жеткізді.

«Барлық нәрсе уақытымен ғой. Кезінде біздің де дәуіріміз дүркіреді, талай жерде әнімізді айтып, шалқып жүрдік. Дегенмен қазіргі 18-19 жасында 2-3 әнін айтып, танылып алады да, көзінің астына ет бітіп, қасына топырлатып 12 адамды ертіп жүреді. Бірі аяғын тазалайтыны, екіншісі киімін көтереді, тағы біреуі әнін әнін ұстайды, үшіншісі телефонға жауап береді. Сондай нөкерлері көп. Олардың не керегі бар? Той иесі тойға әншіні ғана шақырады ғой.

Сосын қазір сөйлесейін десең бәрі тұтқасын көтермейді. Бұрынғыдай аралас-құраластық жоқ. Ұлықпан Жолдасов, Сәкен Қалымов, кейінгі Сәкен, Мейрамбектер, бәріміз ескі достармыз ғой. Қатты сыйласып жүргенбіз. Олар әлі күнге дейін мені «аға» деп сыйлайды. Ол қорыққандықтан емес. Ал қазіргі жігіттер дұрыс іні бола алмай жүр. Кекірейіп тұрады. Тіпті тойларда дастарханға, оның айналасындағы адамдарға қарап барып отырады. «Бизнес класпен ұшамын, мынау қонақүйге жатамын» деп талап қоюға ұялмайды. Өзі туып өскен қалаға келе тұра қонақүйде жататынын түсінбеймін. Адам өзі миллион теңгеге той істеп отырса, әнші келіп миллион теңге сұрайды», - деді Нұрлан Әміров.

Өнер иесі сондай-ақ кезінде хит болған «Жұлдызым» әнінің бейнеклипі жайлы айтып берді. 

«Жұлдызымның» клипі өмірден алынған оқиға. Продюсеріміздің досының басынан өткен жағдай екен. Сол желі бойынша түсірдік. Ол жігіт қазір қызымен жап-жақсы өмір сүріп жатыр екен. Қызы үлкен болып қалды ғой.

Кейде бізге сол әннің себебі тиіп кетті ме деп те ойлап қаламын. Қалай айтсам екен, мен де қатты ауырып, белім сынып, арбаға отырып қалған кезім болды. Үш-төрт жылдай қатты қиналдым. Сол кезде достарымның бәрін жоғалтып алдым, ішімдікке жақын адамдар айналама жинала бастады, ішіп кеттім. Сондай жағдай бастан өтті. Ол Мұраттың да басынан өтті. Екі жылдай ауырып қалды. Әннің тағдырын өзіміз сезініп көрдік», - деді Нұрлан Әміров.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр