«Жазамды минутына дейін өтедім»: Алтынбек Тәшімбетов бостандыққа шықты

Аиса Махамбет Редактор
02.09.2024, 16:32
1174
«Жазамды минутына дейін өтедім»: Алтынбек Тәшімбетов бостандыққа шықты бейнежазбадан алынған кадр

Іш киіммен мас күйде жүрген әнші бостандыққа шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ауруханада медициналық құралдарды бүлдірді деп айыпталған әнші Алтынбек Тәшімбетов бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі қиын сәтте жанынан табылған жандарға алғыс білдірді. 

“Қайырлы күн, достар! Міне, Алматы қаласы полиция департаментінің алдында тұрмын. Өзіме тағайындаған жазаны минутына дейін өтеп шықтым. Сіздердің қолдауларыңызға мың алғыс! Әншілер де – адам. Заң бәріне ортақ. Кейбір адамдар “Әншілерге сот жоқ, амалын тауып жазадан құтылып кетеді” деп жатыр екен. Оның бәрі жалған. Темір тордың ар жағында отырып, түрлі тағдыр иелерін көрдім. Аман болайық!”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі оқиғаның қалай болғанын айтып беріп, медбикеге тиіспегенін жеткізді. 

“Медбикеге қолымның ұшын да тигізбедім. Жалаңаш күйде күтіп отырғаныма ашуланып, медициналық көмек дер кезінде көрсетіле қоймаған соң терезесін бүлдірдім. Оны жөндеп беруге уәде беремін. Ешкімнің басын жарып, көзін шығармағаным ескеріліп, айыппұл есебінде айыбымды өтейтін болармын деп үміттеніп отырмын. Мен өз кінәмды мойындаймын”, – деген еді эстрада жұлдызы. 

«Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған