«Басымызға мылтық тақап, бетімізге ақша шашты»: Нұрлан мен Мұрат олигархтың кешінде өнер көрсеткен кезін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
25.09.2024, 18:32
1009
«Басымызға мылтық тақап, бетімізге ақша шашты»: Нұрлан мен Мұрат олигархтың кешінде өнер көрсеткен кезін есіне алды жеке мұрағатынан

Елге белгілі дуэт “Нұрлан мен Мұрат” шымкенттік олигархтың тойында ән айтып, оқыс оқиғаға тап болғанын есіне алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иелері Esquire Podcast-та қонақ болып, сахнаға алғаш шыққан сәттен шыр шертті. 

“Бір күні шымкенттік бір ағамыз хабарласты. Сендердің әндеріңді отбасымызбен тыңдаймыз. Кеш болайын деп жатыр, келіп ән айтып кетсеңіздер деген өтініш жасады. Біздің дүрілдеп тұрған уақытымыз. Әдетте, бір-екі әннен кейін, кетіп қалатын едік. Ол жерге барып, “Ләйләнің” өзін 10 шақты рет айттық. Басында бізді керемет қарсы алды. Анасы және отбасымен таныстырды. Әндеріміздің бәрін жатқа біледі екен. Үлкен кісілердің біз де батасын алып жатырмыз. Бір кезде әндерімізді айтып болып, шығайын деп жатсақ, жібергісі жоқ. Анамның өтініші дегесін, тағы бір ән айттық. Олигарх ағамыз ашулана бастады. Ақшасын төлеп қойдық, қалауымызша ән айтқыза береміз деп ойласа керек. Не керек, сол отырыстың арты үлкен төбелеске ұласты”, – деді Мұрат Қожа. 

Әншінің сөзінше, олигархтың күзетшілері мейрамханадан әншілерді шығармай қойған. 

“Кетуге ыңғайланып жаттық. Асаба да музыканттар да аппаратураларын жинады. Ағамыз жібергісі келмейді. Күзетшілеріне “Мына екі жігітті ұстаңдар” деп айқайлады. Біз оған көнбей, сыртқа шығып кеттік. Артымыздан келе жатқан бір күзетшісі мылтық атты. Тіпті, мылтықты басымызға да тақады. Одан Нұрлан екеуміз қолындағы мылтыққа жабысып, жұлып алдық. Бір кезде ағамыз шықты да, 1000 теңгеліктерді бетімізге шашты. Ол кезде гонорарымыз 1000 АҚШ доллары еді. Теңгемен есептесек, 120 мың теңге. Мен жинап алдым да, өзінің бетіне шаштым. Кейін жігіттер “Сендер кете беріңдер. Өзіміз шешеміз” деді. Кейіннен кешірім сұрап, гонорарымызды артығымен төледі. Сол кісінің арқасында концерт беріп, әндер жазылды. Ол кезде ақша құнды еді”, – деп есіне алды әнші. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды