«Екеумізді қазақ жігіт таныстырды»: Тимати америкалық P.Diddy-дің атышулы кештеріне қатысқанын мойындады

Аиса Махамбет Редактор
08.11.2024, 18:20
1154
«Екеумізді қазақ жігіт таныстырды»: Тимати америкалық P.Diddy-дің атышулы кештеріне қатысқанын мойындады әлеуметтік желіден

Қазір P.Diddy адам саудасы, зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттері үшін айыпталып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік әнші Тимати қазір істі боп жатқан P.Diddy-дің жабық кештеріне қатысқанын мойындады. Ол атақты жұлдызбен қалай танысқанын, кештерде не болғанын айтып берді. 

“Достар, бүгін VK-дегі жеке парақшам арқылы көп сұраққа жауап бергім келеді. P.Diddy-мен қалай танысқанымды айтып берейін. Осыдан 15 жыл бұрын Сан-Тропеде қызық бір ер адаммен таныстым. Сол кезде оның жасы 50 шамасында болды. Ол Қазақстаннан еді. Бірақ соңғы 15 жыл бойы Нью-Йорк қаласында тұрған. Ол көптеген спортшы мен әртісті таниды. Жұлдызды ортада жүрген еді. Сол адам маған P.Diddy-мен дос екенін айтты. Бірер күннен кейін мені рэпермен таныстырды. Одан кейін Париждегі концертінде көрістік. Ол жерге де мені қазақстандық азамат шақырды. Мен P.Diddy-мен дуэт жазуды армандағанымды жасырмадым. Оған ұсыныс жасағанымда, ол қуана қабыл алды. Себебі ол Ресейге келгісі келіп жүргенін де айтты", – деп бастады әңгімесін Тимати. 

Өнер иесінің сөзінше, атышулы кешке екі рет қатысып, қонақ ретінде шақырылған. 

“Халық шулап жатқан P.Diddy-дің шулы кештерінде болдым. Мойындаймын. Бір емес, екі кеште болдым. Бірінші жиын Лос-Анджелес қаласында болды. Ол жерде жаңа альбомының тұсаукесерін ұйымдастырды. Қонақтарына жаңа туындыларын тыңдатты. Көңілді кеш рэпердің үйінде болды. Үйдің сыртында күзетшілер қойылды. Альбомды тыңдап, талқылап, суретке түсіп қайттық. Ол жерде адам сенгісіз жайттарды, есірткіні де көрген жоқпын. Бәрі тыныш өтіп, көңілді тарастық. Екінші кешке де шақырылдым. Өте ауқымды болды. Бұл жолы рэпер жұлдыздарды кемеде жинады. Танымал адамдар өте көп болды. Кино жұлдыздары, модельдер, спортшылар келді. Бәрі ішті, биледі. Бірақ бұл жерде де жантүршігерлік жағдайлар болмады. Кеште кәмелетке толмаған балалар болған жоқ", – деп шынын айтты ресейлік әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған. Оның үйін тексеру кезінде 1000 бөтелке балаларға арналған жақпамай табылған.

Айыптаушы тараптан шамамен 3285 қоңырау қабылданған. Олардың барлығы Шон Комбстың (P.Diddy) құрбаны болғанын айтқан. Тексеруден кейін адвокаттар рэперге қатысы бар сексуалдық зорлық-зомбылық туралы 120 шағымды таңдаған. Құрбан болғандар қазіргі уақытта 9 бен 38 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Олардың ішінде 25 жәбірленуші кәмелет жасына толмаған. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады