«Бір адамның 82 тісін емдеген»: Аймағамбетов МӘМС-тегі былықтың бетін ашты

27.01.2025, 10:52
1025
«Бір адамның 82 тісін емдеген»: Аймағамбетов МӘМС-тегі былықтың бетін ашты SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов МӘМС-тегі жүйесіздікті әшкере етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс қабырғасында өтіп жатқан «Үкімет сағаты» отырысында МӘМС жүйесі мен денсаулық сақтау саласының қазіргі жай-күйі талқыланып жатыр. Депутат Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесінде ақшаны заңды түрде жымқырудың түрлі әдістерін әшкереледі.

Депутат Аймағамбетов сөзін салыстырмалы аллегориядан бастады. Ол тесілген қайықты МӘМС жүйесімен салыстырды.

Өзенде жүзіп келе жатқан бір қайықты елестетсеңіздер. Қайықтың түбі тесіліп, оған су жинала береді. Су тоқтар емес, ал қайықшы бұл тесікті жамаудың орнына қолына шелекті алып, сол суды сыртқа төгумен әлек. Әрине, бұл ештеңе бермейді. Су әрі қарай жинала береді, қайық әрі қарай бата береді. Міне, дәл осындай жағдай бүгін МӘМС жүйесінде орын алып жатыр. Мәселенің негізгі себебін жоюдың орнына тек оның салдарымен ғана күрес жүріп жатыр. Жүйелі реформаның орнына уақытша шаралар, бастысы стратегиялық көзқарас жетіспейді. МӘМС-тің қазіргі моделі медицинаны халыққа қолжетімсіз етіп, шығынды көбейтіп, қаражаттың тиімсіз жұмсалуына әкеліп отыр, - дейді депутат.

Сондай-ақ депутат МӘМС жүйесі қаржы тапқысы келетін клиникалар үшін ғана ыңғайлы жағдай жасап отырғанын айтады.

МӘМС бойынша 5 айлық баланың тісін қанқұрттан емдеген екен. 5 айында тісі шықпаған баланың тісін қалай емдеуге болады? Бұдан да сорақы жағдай бар. Басқа бір адамның 82 тісі емделген, соған қаражат төленсін деп қорға есеп берілген. Бір күнде бір аурухана бір адамға 32 қызмет көрсеттік деп есеп толтырған. Мұндай мысалдар өте көп. Өйткені, МӘМС бойынша енгізілген қаржыландыру жүйесінің өзі артық қызмет көрсету мен қосып жазуға итермелейді. Себебі, қаражат әр емделген жағдай үшін емес, әр қызмет үшін төленеді. Нормативтер жоқ, цифрландыру жоқ, ал клиникалық протоколдар мен тиісті стандарттар бұлыңғыр және ашық емес. Тағы бір дәлел, бұрын остеохондрозды рентгенсіз де анықтайтын. Сосын рентген шықты, дұрыс қолдансын. Бірақ қазір остеохондрозды анықтау үшін бір науқасқа рентген, одан кейін КТ, ол қалғандай МРТ, одан кейін басқа талдаулар жүргізеді. Неге? Себебі, бұлардың бәрі ақша табудың «заңды» жолы. Себебі айтпаса да түсінікті. Неғұрлым көбірек қызмет көрсетілсе, клиника соншалықты көп пайда табады. Осындай бейберекетсіздік біреуге тиімді болып отыр ма?, - дейді депутат.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды