Санжар Асфендияров: Ғылым үшін жанған шамшырақ

11.02.2025, 08:16
138
Санжар Асфендияров: Ғылым үшін жанған шамшырақ museum-alzhir.kz

Санжар Сейітжафарұлы Асфендияров – қазақ медицинасының атасы ғана емес, сонымен қатар ұлттың мәдени-ағартушылық дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер. Ол медицина, тарих, білім беру және саясат салаларында іргелі еңбектер жазып, ұлттық интеллигенцияның қалыптасуына ықпал етті. Оның мәдени мұрасы тек ғылыми жаңалықтармен ғана шектелмей, қазақ халқының тарихи жады мен рухани дамуында да маңызды орын алады. Бұл мақалада Асфендияровтың мәдени мұрасы мен қазақ ғылымына қосқан үлесі жан-жақты қарастырылады.

"Ұлт үшін жанын құрбан еткен,
Ғылыммен сананы нұрға бөлеген.
Асфендияров есімі мәңгі,
Өр рухы бізге шамшырақ дер емен."

(халық арасында тараған шумақ)

Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметі

Санжар Асфендияров 1889 жылы 20-қазанда қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. Әбілқайыр хан мен Абылай ханның тікелей текті ұрпағыСанжардың әкесі Сейітжафар Асфендияров – әскери қызметкер болған, ал анасы Гүландам – Абылай ханның ұлы Қасым ханнан тараған Қошқарбайдың қызы, қазақ даласындағы ағарту ісіне ерекше мән берген жан еді. Бала кезінен білімге құштар болған Санжар 1907 жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық Әскери-медициналық академияға түсіп, оны 1912 жылы үздік аяқтады.Алғашқылардың бірі болып Мәскеу медициналық университетін бітіріп, заманауи медицина білімімен қолына алғаш диплом алды.  

Фото: museum-alzhir.kz

Ол дәрігер ретінде Түркістан өлкесінде қызмет етті. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери дәрігер болып, көптеген жаралыларға көмек көрсетті. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінен кейін оның өмірінде жаңа кезең басталды. 1918 жылы Түркістан үкіметінің шешімімен дәрігер Санжар әпкесі Үммі Гүлсіммен бірге Бұқара әмірлігіне кең етек жайған жұқпалы індетті жоюға атсалысты. Бірақ, елді жайлаған індет ошақтарында жүрген ол екінші рет сүзек ауруына шалдығып, Ташкентте біраз уақыт емделуге мәжбүр болды. 1919 жылдың ортасына қарай ашаршылықтың зардабын азайтты. Тұрар Рысқұловтың басшылығымен Санжар Асфендияров, Қабылбек Сарымолдаев, Мұратбек Лаумуллин, Абылай Серғазиев, Ораз Жандосов, Қарымбай Қошмамбетов, Мақсұт Жылысбаев, Сүлеймен Есқараев және т.б, елжанды жастар 1 миллионнан астам адамды аштықтан аман алып қалады. Тек медицинамен ғана шектелмей, қоғамдық және саяси өмірде де кеңінен танылды. Ол Кеңес үкіметінің саясатын қолдап, Қазақстан мен Орта Азиядағы денсаулық сақтау, білім беру және тарихи зерттеулерге белсене араласты.  

Оның тағдыры 1930-жылдардағы сталиндік қуғын-сүргінмен тығыз байланысты. 1937 жылы «халық жауы» деген айып тағылып, ату жазасына кесілді.  

Публицист ретінде Асфендияровтың орны және медиа мұрасы

Санжар Асфендияров публицистикаға кездейсоқ келген жоқ. Ол заманының көзі ашық, саналы тұлғасы ретінде халықтың сауатын көтеру, ұлттық мәдениетті сақтау және қоғамдық сананы ояту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Оның публицистикалық еңбектері бірнеше бағытта дамыды:  

1. Ұлттық сана және тарих

2. Медицина мен халық денсаулығы

3. Ағарту мен білім беру мәселелері

Оның шығармалары көбінесе ғылыми-талдамалық сипатта жазылды, бірақ оқырманға түсінікті тілде баяндалды. Ол өз еңбектерінде тарихи әділдікке ерекше мән беріп, қазақ халқының өткенін объективті түрде сипаттауға тырысты.  

Қай тақырыпта жазса да, ол өзіне дейін жарық көрген еңбектерді мұқият саралап, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, орынды пайдаланып отырды, ғылыми пікірталас жүргізді. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан басталатын С. Асфендияровтың зерттеу еңбектерінде қазақ халқының тарихы басты орын алады. Оның ең құнды ғылыми жұмысы – «Қазақстан тарихы», 1935 жылы басылып шыққан. Бұл еңбек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдан 1917 жылға дейінгі қазақ елінің тарихын қамтиды.  

Оның «Исламның пайда болу себептері» (Самарқанд – Ташкент, 1928) атты зерттеуінен кейін, 1935-1936 жылдары «Қазақ тарихының очерктері», «Шығыстың ұлттық революциялық қозғалыстар тарихы» сияқты еңбектері жарық көрді.  

С. Асфендияров П. Кунте екеуі бірлесіп дайындаған «Қазақстанның өткен дәуірі: деректер мен материалдарда» атты екі томдық жинағы да 1935-1936 жылдары басылып шыққан.  

Ғалымның тағы бір маңызды еңбегі – «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс». Бұл ғылыми зерттеудің негізгі құндылығы – патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатының астарын толық ашуында. Осындай негізсіз айыптаулар мен жалған жалаға қарсы тұру сол кезеңде мүмкін болмады.

Фото: ҚР Ұлттық кітапханасының архивінен алынды

Асфендияровтың публицистикасын зерттеу барысында оның көптеген мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жарық көргенін байқауға болады. Ол «Советская степь», «Казахская правда», «Еңбекші қазақ» сияқты басылымдарда денсаулық сақтау, білім беру, тарих және мәдениет туралы мақалалар жазды.  

Санжар халық арасында медициналық сауаттылықты арттыру үшін түрлі мақалалар жариялап, жұқпалы аурулармен күрес, гигиена, дұрыс тамақтану, ана мен бала денсаулығы сияқты мәселелерді қозғады. Бұл мақалаларының негізгі мақсаты – қазақ қоғамындағы медициналық сауатсыздықты жою және халықтың әл-ауқатын жақсарту болатын.  

Публицист ретінде ол осы еңбектерінде сол кездегі ресми кеңестік идеологияға сай келмейтін деректерді беруге тырысты. Оның еңбегінде қазақ қоғамының таптық құрылымына емес, ұлттық бірегейлікке мән берілуі ерекше маңызды. Бұл кеңестік билікке ұнамағаны анық.  

Санжар Асфендияров және ағартушылық қызметі  

Асфендияровтың еңбектерінде білім мен ғылымды қазақ қоғамына енгізу басты орын алды. Ол 1928 жылы араб, парсы, ағылшын, француз тілдерін жетік меңгеріп, Қазақ мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) хатшы қызметін атқарған. Сондай-ақ, сол универдің алғашқы ректоры болды. Сонымен қатар, оның ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан тарихын жүйелеуге бағытталды. Оның «Қазақстан тарихының очерктері» еңбегі – елдің өткенін зерттеудегі маңызды академиялық жұмыс болды. Ал, 1931 жылы ашылған қазіргі Алматы қаласындағы еліміздің жетекші медициналық оқу орындарының бірі осы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ретінде танымал.

Асфендияров тек медицина саласында ғана емес, жалпы қазақ мәдениетін дамытуда да үлкен еңбек сіңірді. Ол ұлттық сананы ояту, қазақ зиялыларын тәрбиелеу және білім беруді жүйелеу арқылы халқына қызмет етті.  

Саяси қуғын-сүргін және оның мұрасының қайта жаңғыруы  

1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессия кезінде көптеген қазақ зиялылары сияқты, Санжар Асфендияров та «халық жауы» деген жалған айыппен атылды. Оның еңбектері мен ғылыми мұрасы ұзақ жылдар бойы ескерусіз қалып, есімі тек тәуелсіздік жылдары қайта жаңғырды. Бүгінде оның атымен Алматыдағы Қазақ ұлттық медицина университеті аталады, ал оның еңбектері ғылыми айналымға қайта енгізілді.  

Фото: facebook.com/mikngylym 

Қорытынды  

Қорытындылай келе, Санжар Асфендияров – тек медицина мен тарихтың көрнекті өкілі ғана емес, қазақ мәдениетінің маңызды тұлғаларының бірі. Оның ағартушылық қызметі, ғылыми зерттеулері және ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі бүгінде өз маңызын жойған жоқ.

Бүгінде оның еңбектері қайта бағаланып, Қазақстан тарихындағы маңызы зор тұлға ретінде қарастырылуда. Оның журналистика мен публицистика саласындағы еңбектері де ұмыт қалмауы керек

Асфендияровтың мақалалары мен еңбектері – қазақ публицистикасының дамуына қосылған үлкен үлес. Ол өзінің ғылыми және публицистикалық еңбектері арқылы қазақ халқының тарихын, мәдениетін, денсаулығын қорғауға атсалысып, ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенцияның алдыңғы қатарлы өкілі болды.  

 

Автор: Бақтылова Қарақат Ғалымжанқызы

Ақтау әкімдігі бейіттерді күтіп ұстау үшін 16 млн теңге бөлген «Тарихқа енді»: Тамара Асар күйеуінің жетістігін айтып, сүйінші сұрады (ФОТО) Балаларын жетектеп курьер боп жүрген жалғызбасты анаға депутат пәтер сыйлады (ВИДЕО) «Шауып, тоңазытқышқа сап қойған»: Досын «зажигалка» үшін өлтірген екі еркек сотталды «Зорлады деп айт»: «Ерекше схема» арқылы ақтөбеліктен ақша бопсалаған жас жігіттер ұсталды «Іске жарамды азаматтар жәрдемақыға қарап қалды»: Құлсарыда жұмыссыздар ереуілге шықты «Ауруханаға жібермей қойған»: Күйеуі аяусыз соққыға жыққан әйел қайтыс болды «Күйеуіме сенемін»: өгей әкесінің зорлығынан соң босанған қыздың анасы жұртты шошытты Жүз жыл алдынғы журналистика: Отыншы Әлжанұлының жолы Елімізде баспана бағасы 4%-ға қымбаттады «НДС» дауы: Экономика министрі ҚҚС шегін 15 млн теңгеге төмендетуді ұсынды Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады деген ақпарат өтірік боп шықты Apple, Google, Netflix: шетелдік ірі компаниялар Қазақстанға 75 млрд теңге салық төлеген «Тұман, көктайғақ»: 11 ақпанда ауа райы қандай болады Еліне сөзі ем болған Мүбинә - қазақтың алғашқы “тіс дәрігер” қызы Санжар Асфендияров: Ғылым үшін жанған шамшырақ "Тұңғыштардың тұңғышы": Халел Досмұхамедұлы – қазақ журналистикасы мен тілінің дамуындағы рөлі Қостанайдағы жалғыз қазақ балабақшасы жабылатыны туралы ақпарат тарап, ата-аналар дабыл қақты (видео) Атырауда зейнеткерді бөлшектеп тастаған: марқұмның өліміне күдікті туысы болып шықты «4 мың теңгеге көмек берген»: әкімдіктің аула сыпырушысы ағаштан құлап, омыртқасын сындырған