«Менен соң Мұрат та арбаға таңылды»: Нұрлан мен Мұрат өмірлеріндегі ауыр жайттарды айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
19.03.2025, 11:29
4535
«Менен соң Мұрат та арбаға таңылды»: Нұрлан мен Мұрат өмірлеріндегі ауыр жайттарды айтып берді жеке мұрағатынан

Екеуміз де арбаға таңылдық, бірімізден соң бірімізде қайғы түседі дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Нұрлан мен Мұрат жылдар бойы халықтың сүйікті дуэті болып келеді. Осыдан 20-25 жыл бұрын өнер әлемінде танымал болған әншілер жақында "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат беріп, өмірлеріндегі қиындықтар мен тыңдармандардың ыстық ықыласы жайлы сыр бөлісті.

Сұхбат барысында жүргізуші олардың денсаулығы туралы сұрап, қазіргі жағдайларын білгісі келген. Бұл сұраққа Нұрлан шынайы жауап берді.

Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бірақ Мұрат екеуіміздің арамызда ерекше бір байланыс бар сияқты. Мен ауырсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Маған қайғы түссе, көп ұзамай Мұрат та сондай жағдайды бастан кешіреді. Неге екенін білмеймін. Менің анам дүниеден озды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың анасы да өмірден өтті. Мен ауырғанда үш жыл бойы арбада отырдым, ал Мұрат жақында ғана арбадан шықты. Осындай сәйкестіктер жиі болып тұрады. Сондықтан Мұрат маған үнемі: ‘Нұреке, абайлап жүрші’ деп әзілдейді, – деп бөлісті Нұрлан.

Өз кезегінде Мұрат тыңдармандардың жаңа әндерден гөрі бұрынғы хиттерін көбірек сұрайтынын атап өтті. Бұл олардың шығармашылығының халық жадында терең сақталғанының дәлелі. Әншілер үшін ең үлкен марапат – өз әндері арқылы халықтың жүрегінде мәңгі қалу.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды