Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шыға алмайды
Футболшы «Мидлсброға» қарсы матчта алаңнан ақсап шыққаннан кейін келесі ойынның өтініміне енбеген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасы мен ағылшынның «Бернли» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта футбол ойнай алмайды.
18 жастағы футболшы 2 қыркүйекте «Мидлсбро» командасына қарсы өткен матчта (1:1) жарақат алған. Ойын барысында ол алаңнан ақсап шығып, санның артқы бөлігін ұстап кеткен.
Кейін Сәтпаев «Бристоль Сити» командасына қарсы кездесудің (1:2) өтініміне де енбеді.
Матчтан кейін «Бернли» клубының бас бапкері Никки Хайен қазақстандық шабуылшының жағдайына түсініктеме берді.
«Өкінішке қарай, ол бірнеше апта қатардан тыс қалады. Бұл біз үшін белгілі бір белгі. Бұған дейін айтқанымдай, оның маусым алдындағы дайындығы толық болған жоқ. Біз футболшыларға қажетті жүктеме беруге тырысамыз, сонымен бірге оларды сақтауға да мән береміз. Ең бастысы – дұрыс тепе-теңдік табу», – деді бапкер.
Жарақатына байланысты Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы төрт ойынына қатыса алмауы ықтимал.
Ұлттық құрама бұл кездесулерді 26 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өткізеді. Қазақстан құрамасының нақты тізімі бірнеше күннен кейін жарияланады.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев жазғы трансфер кезеңінде лондондық «Челси» клубына ауысқан болатын. Кейін ол маусымдық жалға алу келісімімен «Бернли» сапына қосылды.
Материал авторы