6550

Павлодарда жас волейболшыны басынан ұрған жаттықтырушыға қатысты тергеу басталды

Жас спортшыны ұрған жаттықтырушының әрекетін полиция тексеріп жатыр.

Павлодарда жас волейболшыны басынан ұрған жаттықтырушыға қатысты тергеу басталды
t.me/kerekpv

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда волейбол жарысы кезінде кәмелетке толмаған спортшыны басынан ұрған шымкенттік жаттықтырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті жазды.

Ведомствоның баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған видеоға байланысты оқиғаға назар аударған. Полицияның хабарлауынша, жанжалға қатысқан адамдардың барлығы анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жаттықтырушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Полиция департаменті тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Павлодарда жеке клубтар арасында өткен волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде Шымкенттен келген жаттықтырушының жас тәрбиеленушісін басынан ұрғаны хабарланған еді. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Осы жағдайдан кейін жаттықтырушы жарыстардан шеттетіліп, қызметінен айырылған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор