Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Желсіздік, тұман және температуралық инверсия зиянды қоспалардың атмосфераға таралуына кедергі келтіреді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 6 қарашада Қазақстанның төрт қаласында ауаның ластану деңгейі уақытша артуы ықтимал. Метеорологиялық жағдайлар ластаушы заттардың жерге жақын ауа қабатында жиналуына қолайлы болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы мен Талдықорғанда күндіз, ал Павлодар мен Өскеменде түнде күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) атмосферадағы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін ауа райы факторлары қатар келген кезде қалыптасады. Соның салдарынан ластаушы қоспалар жерге жақын ауа қабатында шоғырланып, ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.
Мұндай құбылыс көбіне желсіз немесе баяу жел соққан кезде, тұман түскенде және температуралық инверсия кезінде байқалады. Бұл факторлар зиянды заттардың атмосферада таралуын тежейді. Әсіресе ғимараттар тығыз орналасқан және өнеркәсіп орындары шоғырланған аудандарда ауаның ластану қаупі артады.
Материал авторы