Жанар Дұғалова концерт кезінде дронның астында қала жаздады
Жанар Дұғалова күтпеген жағдайға қарамастан, концерттік нөмірін тоқтатпай жалғастырған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші әрі актриса Жанар Дұғалова концерттік қойылым кезінде қауіпті жағдайға тап болды. Әншінің басына бірнеше сантиметр жерден түсірілімге арналған дрон ұшып өткен.
Оқиға әншінің сахнадағы өнер көрсетуі кезінде болған. Түсірілім жүргізіп жүрген квадрокоптер Жанар Дұғаловаға тым жақын ұшып, оған соқтығыса жаздаған.
Әлеуметтік желіде тараған видеоны сол жерде жұмыс істеген тағы бір бейнеоператор жариялаған. Баяулатылған кадрлардан дронның әншінің басынан бірнеше сантиметр қашықтықта ұшып өткенін байқауға болады.
Күтпеген жағдайға қарамастан, Жанар Дұғалова абдырап қалмай, өнер көрсетуін тоқтатпаған. Әнші концерттік нөмірін соңына дейін жалғастырған.
Желіде жарияланған видео көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар дрон операторының әрекеті мен әншінің сабырлылығына қатысты пікір білдіруде.
Материал авторы