23 жыл, 234 матч, 146 гол: Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайды
Криштиану Роналду Португалия құрамасымен қоштасатынын жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы ойындарын тоқтатуға шешім қабылдады. 41 жастағы шабуылшы жанкүйерлеріне арнаған үндеуін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Португалиялықтарға үн қатқым келеді. Ұлттық құрамамыздың жетінші нөмірлі жейдесін шешетін уақыт келді. Мен бұл жейдені ешқашан тек өзіме тиесілі деп санаған емеспін. Дегенмен оны 23 жыл бойы кию мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды», – деді футболшы.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Роналду ұлттық құрамадағы мансабын қарашадағы халықаралық матчтар үзілісінен кейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Ол Португалия құрамасы сапында 234 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 146 гол соққан. Бұл – ерлер арасындағы ұлттық құрамалар деңгейіндегі әлемдік рекордтар.
Материал авторы