524

Астанада ер адам зейнеткер мен оған араша түскен әйелді ұрып тастады (ВИДЕО)

Қарт кісіге көмектеспек болған 41 жастағы әйел де таяқ жеді.

Астанада ер адам зейнеткер мен оған араша түскен әйелді ұрып тастады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада мас күйдегі 28 жастағы ер адам қарт кісіге және оған араша түсуге тырысқан 41 жастағы әйелге күш қолданған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға ер адам тұрғын үйдің кіреберісінен шығып бара жатқан кезде болған. Ол алдымен зейнеткерге дене жарақатын салған. Кейін жағдайға араласып, қарт кісіге көмектеспек болған әйелге бірнеше рет соққы жасаған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Полиция азаматтарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық пен агрессиялық әрекет заң аясында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор