Астаналық қыздың телефонын бұрынғы жігіті ұрлап, атына 2,6 млн теңге несие рәсімдеген
Қыз айырылысқаннан кейін өз атына миллиондаған несие алынғанын білді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында 23 жастағы астаналық тұрғынның ұялы телефонын ұрлап, оның атына миллиондаған теңге несие рәсімдеген ер адамға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікке ілінген азамат жәбірленушінің бұрынғы сүйіктісі болып шықты.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға биыл қазан айында болған. Күдікті қыздың ұялы телефонын иемденіп, ондағы банк қосымшасы арқылы оның атына 2 миллион 650 мың теңге несие рәсімдеген.
Астаналық тұрғын өз атына қарыз жүктелгенін бірден білмеген. Берешек туралы кейін хабардар болған ол 5 қарашада полицияға арыз түсіріп, көмек сұраған.
Аталған дерек бойынша ұрлық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің кім екенін және жүрген жерін анықтаған.
Сол күні 33 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ол өз кінәсін мойындап, мойындау көрсетілімдерін берген.
Материал авторы