558

«Емшекті еміп өсіп…»: Төреғали Төреәлінің әйелдерге қатысты жазбасы дау туғызды

Әнші әйелдің омырауына қатысты жазба жариялағаннан кейін желіде сынға қалды.

«Емшекті еміп өсіп…»: Төреғали Төреәлінің әйелдерге қатысты жазбасы дау туғызды
instagram.com/toregalitoreali

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Төреғали Төреәлі Threads желісінде тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы өнер иесінің әйел денесіне қатысты жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. 

Бұған дейін әнші «Әуелі төсек тербеледі, сосын бесік тербеледі» және «Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді» деген жазбаларымен көпшіліктің назарын аударған еді. Енді ол әйелдің омырауына қатысты пікір жариялады.

«Емшекті еміп өсіп, сүйіп өтесің», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Алайда бұл жолғы жазбасы да желі қолданушыларының көңілінен шықпады. Көпшілік әншінің сөзін әдепсіз деп бағалап, көпшілік алдында жүрген өнер иесіне сөзіне жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті.

Пікір білдірушілердің бірі оның халық әртісі екенін алға тартып, мұндай жазбаны жариялағанына таңданысын жасырмаған. Тағы бір қолданушы әншінің діндарлығын меңзей отырып, сөзі мен әрекетінде қайшылық барын айтқан.

Ал кейбір желі қолданушылары жағдайға әзілмен қарап, жасанды интеллект көмегімен Төреғали Төреәліні ежелгі грек философының бейнесінде көрсететін суреттер жасаған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор