Доллар, еуро, рубль: 6 қарашадағы валюта бағамы белгілі болды
Ақша айырбастау орындарында шетел валютасын сатып алу мен сату бағамдары әртүрлі қалыптасты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның үш ірі қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамы белгілі болды. Көрсеткіштерге сәйкес, валюталардың құны қалаға қарай аздап ерекшеленеді.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Астанада айырбастау орындары бір долларды орта есеппен 446,89 теңгеден сатып алып, 453,89 теңгеден сатуда. Еуроны 500,71 теңгеден өткізіп, 510,73 теңгеден сатып алуға болады. Ал рубльдің сатып алу бағамы – 5,20 теңге, сату бағамы – 5,40 теңге.
Алматыда долларды 449,57 теңгеден өткізуге, ал 451,93 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның бағамы тиісінше 503,79 және 508,28 теңге. Рубльді айырбастау орындары 5,23 теңгеден қабылдап, 5,35 теңгеден сатуда.
Шымкентте бір долларды 450,5 теңгеден өткізіп, 452,14 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сатып алу бағамы – 505,30 теңге, сату бағамы – 509,39 теңге. Ресей рублін 5,24 теңгеден өткізіп, 5,32 теңгеден сатып алуға болады.
Ал 6 қарашаға белгіленген ресми бағам бойынша:
-
1 АҚШ доллары – 451,87 теңге;
-
1 еуро – 507,31 теңге;
-
1 Ресей рублі – 5,53 теңге.
Ескерту: айырбастау орындарындағы бағамдар өзгеруі мүмкін. Нақты көрсеткішті валюта айырбастамас бұрын тексерген жөн.
Материал авторы