TikTok Қазақстандағы шағын бизнеске қалай әсер етіп жатыр: жаңа зерттеу нәтижелері жарияланды
Зерттеуге қатысқан кәсіпкерлердің 70%-дан астамы TikTok-ты айына кемінде бір рет бизнес мақсатында пайдаланады.
28 қазан - Кәсіпкерлер күні қарсаңында Алматыда TikTok Impact Forum өтті. Форум аясында платформа Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттықкәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «TikTok әсері: платформаның Қазақстандағышағын және орта кәсіпкерлікке ықпалы» атты зерттеудің жаңартылғаннәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сауалнамағақатысушылардың 70%-дан астамы платформаны бизнес мақсатында айынакемінде бір рет пайдаланады, ал 88,3%-ы оның жаңа клиенттерді тартуға оңәсер ететінін атап өтті.
Жетекші TikTok бейнеплатформасы Алматыда Impact Forum өткізді. Іс-шара платформаның Қазақстандағы кәсіпкерлік пен экономиканы дамытудағы рөлінеарналды. Бағдарламаға платформаның «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жүргізгенжаңартылған зерттеуінің нәтижелерін таныстыру, Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдері қатысқан панельдік пікірталас, TikTok for Business шеберлік сабағыжәне TikTok-ты ілгерілету мен өсуді қамтамасыз ету үшін белсенді пайдаланатынжергілікті брендтердің көрмесі кірді.
Бірлескен зерттеу нәтижелерін экономика ғылымдарының кандидаты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры – Бизнесті реттеу департаментінің директоры Динара Ақынбекова таныстырды.
Қатысушылар компаниялардың танымалдылықты арттыру, клиенттер тарту, сатылымды дамыту және жаңа нарықтарға шығу үшін органикалық контентті, авторлармен ынтымақтастықты және жарнамалық құралдарды қалайпайдаланатынын талқылады. Форум аясында кәсіпкерлер өз өнімдерін де таныстырып, платформада жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
Кәсіпкерлер бизнесті дамыту үшін TikTok-ты жүйелі түрде пайдаланады
TikTok-тың кәсіпкерлікке ықпалы туралы зерттеу екінші жыл қатарынан жүргізіліпкеледі. Зерттеу 2026 жылғы қыркүйек–қазан айларында Қазақстанның барлық 20 өңірінен 206 компанияның қатысуымен жүргізілген сауалнамаға негізделген. Сауалнама жеті саланы қамтыды: мәдениет, ойын-сауық және туризм; денсаулық, сұлулық және спорт; азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды өндірумен сату; қоғамдық тамақтандыру; білім беру және жылжымайтын мүліксаласындағы қызметтер. [1]
2026 жылы сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 43,7%-ы TikTok-ты бизнес мақсатында ай сайын пайдаланатынын хабарлаған. Бұл өткен жылғы ұқсасзерттеудегі көрсеткіштен (29,5%) 14,2 пайыздық тармаққа жоғары. Ал кәсіпорындардың 27,2%-ы платформаны апта сайын немесе одан да жиіпайдаланады. Осылайша, сауалнамаға қатысушылардың 70%-дан астамыплатформаны айына кемінде бір рет пайдаланады.
Тұрақты пайдалану әртүрлі жұмыс өтілі бар компанияларға тән. Сауалнаманәтижелеріне сәйкес, 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқанкомпаниялардың 31%-ы TikTok-ты маркетингтік мақсатта апта сайын немесеодан да жиі пайдаланады. Бұл көрсеткіш жас компаниялар арасындағыкөрсеткіштерден кем емес: бір жылдан аз уақыт бұрын құрылған кәсіпорындардың15,4%-ы TikTok-ты аптасына кемінде бір рет пайдаланады; жұмыс істеп кележатқанына бір жылдан үш жылға дейінгі компанияларда бұл көрсеткіш 30,8%-ды, үш жылдан бес жылға дейінгі компанияларда 32,2%-ды, ал бес жылдан он жылғадейінгі компанияларда 20%-ды құрайды.
TikTok табыс көзі ретінде
|
Өткен жылғы зерттеуменсалыстырғанда, TikTok платформасындағыбелсенділіктен түсетін табысыжалпы табысының 5%-ынанасатын сауалнамаға қатысқанкомпаниялардың үлесі 12,3 пайыздық тармаққа артып, 57,8%-ға жетті. Бұл реттесауалнамаға қатысқанкәсіпорындардың 14,6%-ы үшінмұндай табыс жалпы кірістің 25%-ын немесе одан да көп бөлігінқұраған. TikTok-ты апта сайынпайдаланатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің(ШОКС) шамамен 11%-ы жалпытабысының 50% және оданастамы платформадағыбелсенділіктен түсетінінмәлімдеген. Бұл деректер TikTok-тағы тұрақты белсенділік пен кәсіпорындардың осы платформаға жатқызатын табысүлесі арасында оң байланыс бар екенін көрсетеді. [2] |
|
TikTok клиенттерді тартуға және бәсекелестер арасында ерекшеленугекөмектеседі
Зерттеу деректеріне сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 88,3%-ы TikTok жаңа клиенттер тартуға оң ықпал ететінін атап өткен, 83,5%-ы платформа клиенттермен өзара әрекеттесуге оң әсер ететінін көрсеткен, ал 73,3%-ы платформа өз бизнесінің бәсекелестер арасында ерекшеленуіне көмектеседі депсанайды. Бұл ретте платформаны пайдаланудың ең кең таралған тәсіліорганикалық контент болып қала береді: 2026 жылы сауалнамаға қатысқанкомпаниялардың 77,6%-ы бейнематериалдар жариялаған.
Сонымен қатар, контент авторларымен ынтымақтастық орнататынкәсіпорындардың үлесі алдыңғы зерттеудегі 10,4%-дан 22,8%-ға дейін өсті, ал сауалнамаға қатысушылардың 18,0%-ы ақылы жарнаманы пайдаланған. Бұлкөрсеткіштер өскеніне қарамастан, контент жариялау мен ақылы құралдардыпайдалану арасында айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі платформаның мүмкіндіктерін әлі де толықпайдаланбай отырғанын көрсетеді. Демек, цифрлық маркетинг арқылы одан әріөсу әлеуеті зор.
TikTok-қа жұмсалатын шығындарды жалпы қарастыратын болсақ, яғни ақылыжарнама мен контент авторларымен ынтымақтастықты ғана емес, сонымен қатарконтент өндіруді, SMM-мамандарының жұмысын және басқа да маркетингтікқызметті ескерсек, платформада ілгерілетуге бюджет бөлетін сауалнамағақатысқан компаниялардың үлесі 2025 жылғы 62,3%-дан 2026 жылы 75,7%-ғадейін өсті.
|
2026 жылғы сауалнаманәтижесінде, платформаныңмаркетингтік бюджеттегі үлесі мен кәсіпкерлердің оны пайдалануменбайланыстыратын табыс үлесіарасындағы оң байланыстыңкүшейгенін көрсетті. TikTok-қабюджет бөлмейтін кәсіпорындарорта есеппен өз табысының 3,9%-ын осы платформаға жатқызған. Ал маркетингтік бюджетінің 70%-дан астам бөлігін TikTok-қабағыттайтын компанияларарасында бұл көрсеткіш орта есеппен 42,0%-ды құраған |
|
TikTok-ты пайдалану көрсеткіштерінің салалар бойынша өзгеруі
Деректер TikTok-пен түсімінің белгілі бір бөлігін байланыстыратынкомпаниялардың үлесі сауалнамаға қатысқан салалық топтар арасында әртүрліекенін көрсетеді. Алдыңғы сауалнамамен салыстырғанда, түсімінің кемінде 5%-ынTikTok платформасымен байланыстыратын компаниялар үлесінің ең жоғары өсіміжылжымайтын мүлік қызметтері саласында (+40,6 пайыздық тармақ, 66,6%-ғадейін), мәдениет, ойын-сауық және туризм салаларында (+24,7 пайыздық тармақ, 60,5%-ға дейін), сондай-ақ азық-түлік тауарлары сегментінде (+18,1 пайыздықтармақ, 56,8%-ға дейін) тіркелді. Қоғамдық тамақтандыру саласында (68%) жәнеазық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде (53,5%) тұрақты түрде жоғарыкөрсеткіштер сақталып отыр. Бұл TikTok-та ілгерілетудің тиімділігі салағабайланысты өзгеретінін, ал бірқатар салалар үшін платформаның әлеуеті әлі де толық ашылмағанын көрсетеді.
Кәсіпкерлердің TikTok-пен байланыстыратын кірісінің модельдік бағасы
Кәсіпкерлердің TikTok-пен байланыстыратын кірісінің ықтимал ауқымын бағалауүшін зерттеушілер олардың айналымы мен осы кірістің үлесі туралы жауаптарына, сондай-ақ ШОБ саны жөніндегі ресми статистикаға негізделген модель құрды. Өткен жылдағыдай, үш сценарий қарастырылды: TikTok-ты кәсіпкерлердің 10%-ы белсенді пайдаланатын, олардың үлесі 15%-ды құрайтын және 20%-ға жететінжағдайлар.
Консервативті сценарий ретінде 10% деңгейі таңдалды. Бұл көрсеткішҰлыбритания мен Австралияны қоса алғанда, басқа елдерде жүргізілген ұқсасзерттеулердің нәтижелеріне сәйкес келеді. Осы сценарийге сәйкес, 2026 жылыTikTok-ты пайдаланумен байланысты Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептік табысы шамамен 531,6 млрд теңгеніқұрады. Қамту деңгейі 15% болатын қалыпты сценарийде TikTok-қа жатқызылатынтабыс 797,4 млрд теңгені, ал қамту деңгейі 20% болатын жедел цифрландырусценарийінде 1 063,2 млрд теңгені құрайды. [4]
Бұл сомаларды Қазақстанның жалпы ішкі өнімімен (ЖІӨ) салыстырғанда, олартиісінше ЖІӨ-нің 0,33% / 0,50% / 0,67%-ына тең. Алдыңғы зерттеуде бұлкөрсеткіштер шамамен 0,16% / 0,25% / 0,33% болған. Бұл ретте аталғанкөрсеткіштер платформаға байланысты табыстың экономикалық ауқымынкөрсетеді және TikTok-тың елдің ЖІӨ-не тікелей қосқан үлесінің бағасы болыптабылмайды. Бағалауға жұмыс орындарын құру, жеткізу тізбектерін дамыту жәнеүй шаруашылықтарының тұтынуына ықпал ету сияқты жанама әсерлеренгізілмеген.
Модельдік табыс, модельдік табыстың ЖІӨ-ге қатынасы және ШОК субъектілерін болжамды қамту деңгейі негізінде TikTok-қа жатқызылатынтабыс. [5]
Сандардың артындағы бизнес тарихы
TikTok Impact Forum аясында және зерттеу барысында аудиториясын кеңейтіп, сатылым көлемін арттыру үшін TikTok-ты пайдаланатын қазақстандықкомпаниялардың мысалдары ұсынылды. Мәселен, Шымкент қаласындағы Al-AN Duken киім бренді @alan_duken бір жыл ішінде TikTok-тағы жазылушылар саныншамамен 15 мыңға, ал сатылым көлемін шамамен 20%-ға арттырған. Компанияның мәліметінше, TikTok-тағы бір сағаттық тікелей эфир орта есеппен15–20 өтінім түсіріп, 3-тен 6-ға дейін сатылымға әкеледі.
Шығыс Қазақстаннан шыққан табиғи бал өндіруші Lesnoe VKO бренді @lesnoe_vkoөнімдері мен омарта жұмысы туралы органикалық контентке басымдық берді. Компания Қазақстаннан тыс жерлерде де сатып алушылар тауып, экспорттантүсетін табыстың өсуін TikTok-тағы бренд контентіне шетелдік аудиторияныңқызығушылығымен байланыстырады.
Doner na Satpayeva фастфуд желісі @doner_na_satpayeva_ аудиториямен қарым-қатынас орнату құралы ретінде TikTok-қа басымдық беріп, ұтылмады. Бүгіндекомпания аккаунтының жазылушыларының саны миллионнан асады, ал көптегенқонақтар бұл орын туралы видеолардан, соның ішінде басқа қалалардажарияланған видеолардан біліп, арнайы келеді. Төрт жыл ішінде желі Алматыда13 нүктеге дейін кеңейді, ал жақын арада жаңа қалаға шығуды жоспарлап отыр. Өткен жылы компания TikTok сыйлығын «Шағын бизнестің үздік аккаунты» номинациясы бойынша алды. Команданың айтуынша, табыстың сыры қарапайымқағидада: контент шынайы әрі табиғи болуы керек. Дәл осы қасиет аудиторияныңқызығушылығын сақтап, кездейсоқ көрерменді тұрақты қонаққа айналдырады.
«Әр бизнестің өз тарихы бар. Кейде бәрі шағын идеядан, отбасылық істеннемесе күтпеген жерден мыңдаған адамның көңілінен шығатын қысқавидеодан басталады. Жаңартылған зерттеу қазақстандық кәсіпкерлердіңTikTok-ты барған сайын сенімді әрі тиімді пайдаланып келе жатқанын, ал платформаның бизнес үшін тек танымалдықты арттыратын алаң ғанаемес, сонымен қатар ілгерілетуге, сатылымды арттыруға және бизнестідамытуға мүмкіндік беретін толыққанды құралға айналып келе жатқанынкөрсетеді. Біз кез келген ауқымдағы бизнестің TikTok-та өз аудиториясынтауып, онымен бірге өсуіне мүмкіндік бергіміз келеді және осы мақсаттақолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», — TikTok компаниясыныңОрталық Азия мен Шығыс Еуропадағы бизнесті дамытудепартаментінің басшысы Юлия Кушнир.
«„Атамекен“ үшін жаңа технологиялардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінінжәне отандық кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер беретінін түсіну маңызды. Сондықтан TikTok-пен ынтымақтастығымыздың негізгі бағыттарының бірібизнестің тәжірибесін зерттеу болды. Биыл өңірлік кәсіпкерлерпалаталарының белсенді қатысуымен зерттеуді жаңартып, қазақстандықкомпаниялардың платформаны пайдалану тәжірибесінен нақты мысалдаржинадық», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасарыАслан Қалиғазин.
Ұсынылған деректер мен жергілікті компаниялардың оқиғалары TikTok-тың шағынжәне орта бизнес үшін тек танымалдықты арттыру арнасы ғана емес, соныменқатар ілгерілету мен өсудің практикалық құралына айналып келе жатқанынкөрсетеді.