4718

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы турнирден шығып қалды

Қазақстандық теннисші жарақатына байланысты жарыстан бас тартты.

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы турнирден шығып қалды
GETTY IMAGES

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалдық кездесуіне қатыспады. Спортшы жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан.  

30 қазанда Рыбакина әлемдік рейтингте 23-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық теннисші матчқа шықпады. Оның турнирден кеткенін Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) да әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында растады. Жарақаттың нақты сипаты әзірге жарияланған жоқ.

Бір қызығы, бұған дейін Рыбакинаның ауыр жарақат алғаны байқалмаған. Керісінше, ол алдыңғы матчта Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваны сенімді түрде жеңген болатын.

Осы жеңістен кейін Рыбакина 2026 жылдың соңына дейін әлемдік рейтингтің бірінші сатысында қалатынын мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен еді.

Қазақстандық спортшының жарыстан шығуына байланысты Лейла Фернандес Токио турнирінің жартылай финалына өтті. Онда ол әлемдік рейтингте 66-орында тұрған өзбекстандық Камилла Рахимовамен кездеседі.

Ал Қытайдың Гуанчжоу қаласында қазақстандық Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің жұптық бәсекесінде финалға жолдама алу үшін күресіп жатыр. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор