2135

«Халықтық құрылыс»: бюджет қаражатының жұмсалуын кім қадағалайды?

Тоқаев жаңа орган жұмысына қоғам қайраткерлерін, белсенділерді, волонтерлер мен журналистерді тартуды ұсынды.

«Халықтық құрылыс»: бюджет қаражатының жұмсалуын кім қадағалайды?
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, жаңа орган бағдарлама аясында бөлінген мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына бақылау жүргізуі керек. «Халықтық құрылыс» бастамасын Тоқаев 28 қазандағы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған.

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі X парақшасында комиссия құрамына кімдер кіретінін де атап өтті.

«28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Материал авторы