821

«Отбасының құпиясы неде?»: Жазира мен Жанболаттың жаңа образдары көпшілікті тәнті етті

Жазира Байырбекова көп жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы мен отбасылық құндылықтар туралы пікір сұрады.

«Отбасының құпиясы неде?»: Жазира мен Жанболаттың жаңа образдары көпшілікті тәнті етті
instagram.com/zhazira_bairbekova

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иелері Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова сәнді фотосессия жасап, әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялады. Ерлі-зайыптының талғаммен таңдалған қара түсті киімдері мен үйлесімді образдары оқырмандардың назарын аударды.

Жазира Instagram парақшасында жолдасымен бірге түскен фотоларын бөліскен. Әнші түсірілімге сәнді қара киім мен бас киім таңдаса, Жанболат классикалық үлгідегі қара костюм киген.

Жарияланымында өнер иесі көп жыл бірге өмір сүрген жұптардың қарым-қатынасы туралы оқырмандарына сауал жолдады. Ол отбасының беріктігі өзара құрметке, түсіністікке немесе кешіре білуге байланысты ма деген мәселені көтерді.

«Бірге өмір сүріп келе жатқандарыңызға қанша жыл өтсе де, бір-біріңізді әлі күнге дейін таңғалдыра аласыздар ма? Сіздердің ойларыңызша, берік отбасының құпиясы неде? Өзара құрметте ме, түсіністікте ме, әлде кешіре білуде ме? Өмірлік тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер. Кейде ұзақ ғұмыр кешкен адамның бір ауыз сөзі тұтас отбасы үшін құнды сабақ болуы мүмкін», – деп жазды Жазира.

Желі қолданушылары жұптың фотосуреттеріне жылы пікірлер қалдырған. Бірі олардың жарасымдылығын атап өтсе, енді бірі берік некенің негізі – құрмет пен кешірім екенін жазған. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор