ОПЕК+ Қазақстан үшін мұнай өндіру межесін бекітті
Келісімге Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман қатысты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет 2026 жылғы желтоқсанда мұнай өндіру көлемін қыркүйекке белгіленген деңгейде сақтауға келісті. Қазақстан үшін тәулігіне мұнай өндірудің нысаналы көлемі 1,628 млн баррель болып белгіленді.
Келісімге Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман қатысты.
Мемлекеттер Ынтымақтастық туралы декларация талаптарын толық орындауға бейілді екенін растады. Сондай-ақ олар әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды ай сайын бағалап отыруды жалғастырады.
ОПЕК+ елдерінің келесі кездесуі 2026 жылғы 29 қарашада өтеді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші