Салмағы 140 кг ер адам ваннадан төрт күн бойы шыға алмай қалған
Ер адам 4 күн бойы душтың суын ішіп тірі қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеуде салмағы 140 келі болатын ер адам ваннаға түсіп, одан өздігінен шыға алмай, төрт күн бойы көмек күткен. Оның астында вакуум пайда болып, қозғалуына кедергі келтірген. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды.
Басылымның мәліметінше, есімі өзгертілген Валерий ваннаға су толтырып, ішіне жатқаннан кейін қайта тұра алмаған. Болжам бойынша, дене салмағының әсерінен арқасы мен ванна түбінің арасында вакуум пайда болған. Орнынан тұруға жасаған әр әрекеті терісінің тартылуына байланысты ауырсыну тудырған.
Ер адам сол төрт күннің ішінде бірнеше рет көмекке шақырып, айқайлаған әрі құбырларды ұрған. Алайда оны тек төртінші күні ғана естіп, құтқарушылар шақырылған.
Осы уақыт аралығында мәскеулік шөлін басу үшін душтан аққан суды ішіп отырған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамды ваннадан шығарып, төсекке жатқызған. Кейін оны дәрігерлер тексергенімен, ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Материал авторы