2116

Зеленский Трамптың әйеліне орден табыстады

АҚШ-тың бірінші ханымы 5 қарашада Ақ үйде Ресей мен Украина өкілдерімен кездесті.

Зеленский Трамптың әйеліне орден табыстады
AP Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трампты княгиня Ольга орденінің I дәрежесімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Бұл марапат оған Украинаға көрсеткен гуманитарлық көмегі мен украиналық балаларды қорғауға бағытталған қызметі үшін берілген. Бұл туралы РБК-Украина жазды.

Басылымның хабарлауынша, марапаттау туралы жарлықта Мелания Трамптың Украинаға гуманитарлық қолдау көрсетуге қосқан елеулі жеке үлесі, құқық қорғау және қайырымдылық бағытындағы белсенді қызметі атап өтілген.

«Марапат Украинадағы соғыс салдарынан зардап шеккен азаматтарға, заңсыз депортацияланған және Ресей уақытша басып алған аумақтардан күштеп көшірілген украиналық балаларды құтқаруға бағытталған гуманитарлық қызметі үшін табысталды», – делінген жарлық мәтінінде.

Басылымның мәліметінше, Мелания Трамп Херсон облысындағы Олешки қаласында гуманитарлық миссияның жүзеге асуына ықпал еткен. Сондай-ақ ол тұрғындарды эвакуациялау үшін осы аймақта уақытша бітімге қол жеткізуге атсалысқан. Нәтижесінде қаладан шамамен 800 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Бұған қоса, Мелания Трамп 5 қарашада Ақ үйде Ресей мен Украина өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында ол Олешкидегі уақытша бітім мәселесіне қатысты сөз сөйлейді.

Ақ үй өкілдері АҚШ-тың бірінші ханымының бұл бастамасын бұрын-соңды болмаған дипломатиялық қадам деп бағалаған. 

Материал авторы