Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – 19, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 17, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 15, Торайғыров университеті – 10 сарбаз министрлік грантына ие болған.
Одан бөлек, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде – 73, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде – 45, Ш. Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтында – 51, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде – 35 студен оқиды.
«Астана IT университетінің 1 курс студентімін. Әскери міндетімді өтеуді былтыр 1 шілдеде бастап, биыл 1 шілдеде аяқтадым. Отан алдындағы борышымды Жаңаөзен қаласындағы 5548 әскери бөлімшесінде атқардым. Туып-өскен жерім - Ақтөбе қаласы. Бізге әскерге барар алдында Қорғаныс министрлігі атынан берілетін грант туралы айтты. Яғни осындай мүмкіндік бар екенін. Бұл жерде ҰБТ-ның балынан бөлек, әскери балл яғни әскери мінездеме беріледі. Соның негізінде грант ұтып алу мүмкіндігі бар. IT мамандығын таңдаған себебім, мен кішкентайымнан компьютерге құмар болдым. Оның үстіне мен таңдаған мамандықта белгілі бағдарламалар мен ойындарды әзірлеуге болады», - деді Әділет Құдашев тілшілердің сауалына бере тұрып.
Сондай-ақ, студент IT мамандығына түсетін кезде ағылшын тілін білу міндетті екенін айтты.
Еске салсақ, әскери міндетін өтегендерді тегін оқытуға іріктеу Қорғаныс министрлігінің порталында орналасқан «Срочники 2.0» ақпарат жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қазір аталған ресурста 38 316 мерзімді қызмет сарбазы тіркелген. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыра бермек.