Палестина Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінің ресми мәлімдемесі

09.10.2023, 19:26
684
Палестина Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінің ресми мәлімдемесі canva.com

Қазақстандағы Палестина Елшілігі Палестина Мемлекеті Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінің мәлімдемесін таратты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Біз саяси көкжиекті шектеудің, Палестина халқын өз тағдырын өзі шешуге және мемлекет құруға заңды құқығын жүзеге асыру мүмкіндігінен айырудың салдары туралы бірнеше рет ескерттік. Сондай-ақ, күнделікті арандатушылық пен шабуылдардың, қоныстанушылар мен басқыншы күштердің тоқтаусыз лаңкестік әрекеттері, әл-Ақса мешіті және христиандар мен мұсылмандардың қасиетті орындарына жасалған рейдтердің салдары туралы да ескертілді», - делінген мәлімдемеде.

Министрліктің ресми мәлімдемесінде Палестинада қауіпсіздік, тұрақтылық және бейбітшіліктің қалай қамтамасыз етілетіні айтылған.

«1967 жылғы астанасы Шығыс Иерусалим болған Палестина мемлекетінің жеріне Израиль басқыншылығы аяқталып, халықтың тәуелсіздік пен егемендік құқықтары мойындалғанда біздің аймақта қауіпсіздік, тұрақтылық және бейбітшілікті қамтамасыз етіледі.

Израильдің қол қойылған келісімдерден бас тартуы және халықаралық заңдылық резолюцияларын сақтамауы бейбітшілік процесінің күйреуіне, 75 жыл азап пен көшіп-қонуға ұшыраған Палестина мәселесінің шешімін таппауына және қос стандарт саясатының жалғасуына әкелді. Халықаралық қауымдастықтың Израиль басқыншы күштерінің Палестина халқына қарсы қылмыстық және нәсілшілдік әрекеттеріне қатысты үнсіз қалуы және палестиналықтардың осы күнге дейін көріп келе жатқан әділетсіздігі мен қысымы жағдайды қатты ушықтырып, тыныштықтың бұзылуына себеп болды. Бейбітшілік процесі Палестина халқы үшін әділеттілікті, еркіндік пен тәуелсіздікті, босқындардың қайтарылуын және халықаралық заңдылыққа сәйкес қарарлардың толық орындалуын талап етеді», - делінген Палестина мемлекеті Сыртқы істер және экспатрианттар министрлігінің мәлімдемесінде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды