Араб-еврей соғысы: АҚШ Израильге көмекке әскер аттандырмақ

10.10.2023, 11:49
1142
Араб-еврей соғысы: АҚШ Израильге көмекке әскер аттандырмақ smartnews.kz

АҚШ билігі Израильге әскери көмек беретінін жариялады.

Жерорта теңізінің шығысына мыңдаған теңізші мінген және әскери ұшақтар тиелген соғыс кемесін аттандыратын болып жатыр. Кемемен бас-аяғы 5 мыңдай америкалық әскери аттанатын көрінеді.

Сұрапыл соғыстың басталғанына бүгін төртінші күн. Алғашқы күні мыңнан астам Хамас әскері қатысқан шабуылда Израильдің аймақтары бес мыңдай ракетамен атқыланды. Алғашқы соққыға шекараға таяу маңда музыка фестивалін өткізіп жатқандар ұшыраған. Сол жерде 250-ден аса адам қаза болды. Израильдің орталық және Оңтүстік аймақтарындағы елді мекендер мен Тель-Авив қаласы зардап шекті. Қаза болғандар кем дегенде 700-ден асты. Хамас қозғалысы мен Исламдық жиһад тобы деген ұйым Израильдің 150-ге тарта адамын Газаға алып кеткен. Ішінде әскерилер мен бейбіт тұрғындар, соның ішінде әйелдер, балалар және қарт адамдар бар. Хамас алып кеткен бейбіт тұрғындардың тағдыры Израиль үкіметін қатты алаңдатып отыр. Оларды өлтіруі, соғыста алдарына салып қалқан етуі немесе қамаудағы хамастықтарға айырбастауға әрекет етуі мүмкін. Израиль шекара маңындағы елді мекендердің тұрғындарын көшіріп жатыр.

Хамастықтардың осы жолғы шабуылдары тым қатыгез деп бағаланды. Бұған дейін бұлайша басып кірмеген болса керек. Ракетамен атқылаумен қатар Хамас-тың мыңнан аса әскері Газа секторының айналасындағы қоршауларды бұзып өткен. Олар жағалаудағы мотоциклдер мен көліктерді және қайықтарды пайдаланып, 22 елді мекенге басып кірген. Әскерилер мен тұрғындарды атқан, тұтқынға алған. Бұл жағдай Израильдің барлау қызметіне үлкен сын болды. Жұмысының нашарлығы айтылды. Кепілге алынған азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Израиль Каирден көмек сұраған. Бірақ оның нәтижесі әзірге белгісіз.

Израиль әскері Газа секторындағы нысандарды межеге алып атқылап жатыр, әуе күштері мен әуе қорғанысы іске қосылған. Мәліметте Хамастың 800 нысаны атқыланғаны айтылды. Израильдің Газа секторына әуе соққыларынан 400-ден астам қаза болды, көптеген басқару тіректері жойылды. Өз бетінше босып кеткен арабтар сексен мыңды жағалар қалды.

Хамастың бақылауындағы Газа секторында 2 миллион 300 мыңдай палестиналық тұрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындар жөніндегі агенттігі бірқатар мәлімет жариялады. Израильдің әуе соққысынан бір мектеп қирап, отқа оранған. Кешегі күннің дерегі бойынша 413  адам, соның ішінде 78 бала мен 41 әйел қаза болған. Қаза болғандардың ішінде бір отбасының 19 адамы бар. Бұған қоса Израиль қауіпсіздік күштері Хамастың 400 әскериін өлтіріп, біраз адамын тұтқынға алған.

Хамаспен қатар Израильді Исламдық жиһад ұйымының және Ливандағы Хезболла ұйымының құрылымдары да атқылауда. Хамас қозғалысының жетекшілері бұл әрекетін кек алумен түсіндіргісі келеді. Олардың сөзінше, Израиль Газа секторына жан-жақты қысым жасап келген, оккупациялық саясат ұстанған. Соның салдарынан Газа секторы кедейлікке ұшыраған. Өткен жылы Израиль үкіметі оккупациядағы Батыс жағалауда еврейлер үшін елді мекендер құрылысын күшейтті. Ал оларға қоныстанып жатқан израильдіктердің зорлық-зомбылық әрекеттерінен жүздеген палестиналық үйлерін тастап кеткен. Міне осындай себептерге байланысты шабуыл ұйымдастырдық дегенге келтіреді.

Бұл маңдағы арабтар мен еврейлердің текетіресі шамамен 100 жыл бұрын басталған көрінеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Палестина Осман империясынан Ұлыбританияның бақылауына өткен деседі. Аймақта арабтар, еврейлер және өзге де ұлт өкілдері мекендеген. Халықаралық қауымдастық Ұлыбританияға Палестинаның жерінде еврейлердің аумағын құру туралы кеңес берген. Еврейлерге жағдайдың жасалуы арабтар мен еврейлердің қарым-қатынасы нашарлатып жіберді. Келе-келе екі ара ушыға түсті. Ал Палестинаға сырттан ағылған еврейлердің қарасы көбейді. Ал 1948 жылы екі ұлт арасындағы мәселені шеше алмаған соң Ұлыбритания Палестина аумағынан кетіп қалды. Көп ұзамай еврейлер Израильдің құрылғанын мәлімдеді. Арабтар мұнымен келіспей, елде соғыс басталған. Сол соғыс әлі күнге дейін жалғасып келеді. 1967 жылы кезекті соғыстардың бірінде Израиль Шығыс Иерусалим мен Батыс жағалауды жаулап алды. Сондай-ақ сириялық Голан жотасының бір бөлігі, Газа секторы мен Синай түбегі де Израильдің бақылауына өтті. Соңғы 50 жылда Израиль Иерусалим аумағында елді мекендер салды. Оларға 600 мыңға жуық еврей отбасы қоныстандырылды. Хамас қозғалысы Израильді мойындамайды, ол 1948 жылға дейін Палестина иеленген аумақта Палестина елін құруды көздейді.

Мұны жүз жылдық жер дауы деуге болады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды