Израиль Газа секторын толық блокадада ұстауға әрекет етуде

12.10.2023, 12:04
670
Израиль Газа секторын толық блокадада ұстауға әрекет етуде forpostsevastopol.ru

Жер бетіндегі ең халық тығыз орналасқан аймақ Газа секторы деп жатыр.

Газа екі миллионнан астам тұрғын бар. Арабтар мекендейтін аймақ толықтай ХАМАС деген партияның немесе қозғалыстық бақылауына өткен. ХАМАС Газа аумағын ғана емес, бүкіл Палестина ұлттық әкімдігінің қауіпсіздік күштері мен басқару мекемелерін де өз бақылауына алған.

 Газа секторының аумағы Израильмен және Египетпен шектеледі. Египетпен екі араға бетон қабырға орнатылған болса, Израильмен арасы жер асты және жер үсті қоршауларымен бөлінген. Кешегі шабуыл алдында арабтар ол қоршауларды тракторлармен бұзып кірген. Аймақтың орталығы Газа қаласы. Ал жерінің созымдылығы 40 шақырым, енінің кей жері 6, ал кей жері 12 шақырым. Жалпы аумағы 360 шаршы шақырым. Халықтың тығыздығы әр шаршы шақырымға 5 мыңнан астам адамнан келеді. Басым бөлігі Газа қаласына шоғырланған. Бұл аймақта қандай да бір жүйелі ғылым, мәдениет, өнеркәсіп бар деуге келмейді деп жатады. Оның рас-өтірігін кім білсін. Өзі сырттан қаржыландырылатын аймақ көрінеді. Алайда халықтың өсімі, яғни бала туу көрсеткіші жоғары. Тұрғындардың орташа жасы 18 жас екен. Соған қарағанда, халқының едәуір бөлігі өрімдей жастар. Халқының көпшілігі кезінде Израильден ығыстырылған араб босқындары мен солардың ұрпақтары.

Міне осы Газа секторын ХАМАС ұйымынан тазартамыз деген желеумен Израиль атқылау үстінде. Қаладағы үйлер қирап, адамдар қаза болуда. Израильдің мұнысын талай ел айыптауда. ХАМАС ұйымының адамдарын жою үшін тұрғын үйлерді атып жаруды теріс әрекет деп есептеп жатыр. Бірақ Израиль әскері үшін екі мың тұрғынның ішіне сіңіп кеткен ХАМАС адамдарын тауып жою да мүмкін емес. Жағдай күрделі. Себебі Ливияда ХАМАС-тан да зор Хезболла деген ұйым бар. Сол ұйым да Израильді атқылай бастады. Жалпы, араб елдерінің бәрі дерлік Израильдің Газа секторын атқылауын дұрыс көріп отырған жоқ. Израиль әскерінің әуеден жасалған шабуылы кезінде 900-ден астам араб қаза болып 4,5 мыңы жарақаттанды. Тіпті 150 адамнан тұратын 22 отбасы түгелімен қырылып қалғаны айтылды. Газа секторының басшылығы хабарлағанындай, 8 журналист қаза болған, 10 журналист жарақат алған. Тағы екі журналистен хабар-ошар жоқ. Ал Газа секторынан жасалған шабуылдардың кезінде Израиль тарапының 1200 адамы қаза болғаны туралы мәлімет келтіріліп жатыр. 

Әрине, Газа секторында Израильдағыдай әскери қауқар жоқ. Бірақ сырттан берілген көмектің күшімен соғыс созылып кетуі де ғажап емес. Арабтардың кешегі тосыннан шекара асып басып кіруі Израиль үшін үлкен сабақ болды. Арабтардың бұлайша оп-оңай басып кіруі бұрын-соңды болмаған деп жатыр. Израильдің барлау қызметі осы жерде сыр алдырып отыр. Барлау қызметі арабтардың әрекетін алдын-ала айқындамаған, ештеңеден хабарсыз болған. ХАМАС қозғалысының жетекшілері өздерінің телефондарын Израиль барлау қызметі тыңдайтынын біледі. Сондықтан бір-бірімен сөйлескенде Израильге қарай аяқ баспаймыз, ондай ойымыз жоқ деген сөздерді жиі айтқан. Ал Израильдің барлау қызметі оларға шын сенген. Арабтар оларды осылай шатастырыпты.

Израиль Газа секторымен шекарадағы жағдайды бақылауда электроникаға шамадан тыс иек артқан. Соңғы уақытта Газамен шекарада сарбаз саны тым кеміп, орнына көптеген бақылау камерасы, сенсор құрылғылар мен қашықтан басқарылатын пулеметтер қойылған. Шабуыл алдында арабтар дронның көмегімен байланыс мұнараларын нысанаға алып, Израиль армиясын ол құралды қолдану мүмкіндігінен айырған. Бұл оларға шекараның 30 тұсынан елеусіз өтіп кетуіне мүмкіндік берген.

Израильде шет ел азаматтарының да қаза болғаны белгілі бола бастады. Францияның 8 адамы қаза болыпты. Тағы 20 адамынан хабар жоқ. АҚШ-тың 14 адамы қаза болған. 

Бірқатар елдер өздерінің адамдарын Израильден әкетіп жатыр. Италия 200 адамын алып шықты, тағы 500-дей адамы қалыпты. Оларды да алып кетуге дайындық жүргізуде. Қазақстан өз азаматтарын Алматыға жеткізді. Сол сияқты, өзге елдер де жолын тауып, адамдарын әкетіп жатыр. Ал АҚШ-тан Израильге гуманитарлық көмек, әскер мен техника және ядролық қару аттандырылды.

Израиль Газа секторын толық блокадада ұстауға әрекет етуде. Ондай жағдайда сыртпен қатынас үзіледі, жатық, тағы басқа игіліктер болмайды, аштық жайлауы да мүмкін. Израильдің Газа секторын блокадаға алуына бірінші болып Біріккен Ұлттар Ұйымы қарсы шықты.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды