Челлендж басталды: Енді Әбдіжаппар Әлқожа қамауға алынды

Аиса Махамбет Редактор
06.07.2024, 19:25
2045
Челлендж басталды: Енді Әбдіжаппар Әлқожа қамауға алынды бейнежазбадан алынған кадр

Желіде қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожаның полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін Қонаевта ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 6 шілде күні болған. Полиция Toyota Camry көлігін тоқтатып, тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынсыз рөлде отырған.

Әбдіжаппар Әлқожаның өзі басқа KIA Carnival көлігінде жолаушы болған. Ол сол сәтте тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. Сонымен бірге, әнші мас болған.

“Көлікті айып тұрағына жеткізген кезде KIA Carnival автокөлігінің жолаушысы азамат М. полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, тәртіп бұзушыны тіркеуге кедергі келтірген. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Ер адам медициналық тексеруге алынды. Оның қорытындысы бойынша алкогольдік масаңдықтың "орташа" дәрежесі анықталды", – делінген хабарламада. 

Нәтижесінде, көлік құралын басқару құқығынсыз басқарғаны үшін "Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сот шешімімен KIA Carnival көлігінің жолаушысы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа да тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың, артынша Қайрат Нұртастың ұсталғаны жөнінде хабарлаған едік.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды