3079

Ресми ақпарат: Бокс федерациясынан Айтжанов кетіп, Тұрсынғали Еділов келді

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.

Ресми ақпарат: Бокс федерациясынан Айтжанов кетіп, Тұрсынғали Еділов келді
collage smartnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы мәлімдеді.

 

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған.

Осылайша, келесі өзгерістер жайында федерация хабарлайды:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.

Бұған дейін федерация президенті «Ақталатын жайымыз жоқ» деп, кінәсін мойындап, реформа жасалатынын айтқан. 

Кейін Мырзағали Айтжанов бастаған бокстағы 10 бапкер толығымен қуылғанын жазған федерация ақпаратты өшіріп тастаған еді.

Артынша Амалбек Тшанов бас бапкер Айтжановтың қателігін бетіне басып, оны «алатынын алып, ішерін ішіп болды, орнынан кетсін» деп айыптады.

Материал авторы